×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

"Тегеурінді ақын еді": Тоқаев Темірхан Медетбектің отбасына көңіл айтты

Бүгін, 11:43
"Тегеурінді ақын еді": Тоқаев Темірхан Медетбектің отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Темірхан Медетбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған, төл әдебиетіміз бен өнеріміздің жанашыры болған тегеурінді ақын еді. Көне түркі сарынын жаңғыртқан рухты шығармалары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Қазақ баспасөзінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңіріп, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнегелі өмір сүрді. Соңына әдеби бай мұра қалдырған Темірхан Медетбектің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өткенін  хабарлаған едік.

Медетбек Темірхан көптеген кітаптың авторы. Оның "Жанымның жапырақтары", "Сапар алдында", "Алыс шақырымдар", "Мәртебе", "Әуедегі толқындар", "Дауыс", "Көгершін қауырсындары", "Аңқа кептірген аңызақ", "Сырым бар саған айтатын", "Тағдырлы жылдар жырлары", "Көк түріктер сарыны" жыр жинақтары мен "Менің Абайым", "Баба дәстүрдің мұрагері кім?", "Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл" атты кітаптары жарық көрген. 

Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар, тілдеріне аударылған.

Өзі де Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Еркін Вахидов сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Белдің "Иесіз үй" романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармаларын аударған. 

Серіктес жаңалықтары