Қуаңшылық болуы мүмкін өңірлер:
- Қостанай облысы – Амангелді, Жангелдин аудандары, Арқалық қаласының маңы;
- Батыс Қазақстан облысы – Теректі, Қазталов, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы аудандары;
- Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
- Маңғыстау облысы – Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандары;
- Қарағанды облысы – Ақтоғай, Шет аудандары;
- Абай облысы – Аягөз ауданы;
- Алматы облысы – Балқаш ауданы;
- Жамбыл облысы – Мойынқұм ауданы;
- Түркістан облысы – Созақ ауданы;
- Қызылорда облысы – Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары.
Ақтөбе облысында (Қобда ауданы мен Ақтөбе қаласының маңы) ылғал орташа деңгейде болады. Ал еліміздің басқа өңірлерінде ылғалдылық деңгейі қалыпты болады деп болжанып отыр.