×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Дүйсенбіде Астанада, Алматыда және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

11.05.2025, 17:22
Дүйсенбіде Астанада, Алматыда және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 мамырда Астанада, Алматыда және тағы 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда түнде найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде – 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысында облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік жартысыңда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

 

Серіктес жаңалықтары