Алматыда Әуезов ауданы Мамыр-4 шағын аудданында орналасқан тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт жеке тұрғын үйдің шатырында шығып, жалын жеке қойма жайларына ауысқан.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында көршілес құрылыстарға оттың таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ.