×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Арабтар Жамбыл облысында салатын жел электр станциясы туралы не белгілі

Арабтар Жамбыл облысында салатын жел электр станциясы туралы не белгілі
Ашық дереккөзден

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Жамбыл облысында салатын жел электр станциясы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің сөзінше, жоба бойынша келісім құны 1,4 млрд доллар.

- Бүгінгі таңда қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл Жамбыл облысының екі ауданында іске асатын жоба. Жоба құрылысы келесі жылы басталады. Толықтай арабтар көтереді. Қазақстан компанияларының үлесі 20 пайыз, дейді министр. 

Оның сөзінше, бұл жоба оңтүстік Қазақстанның энергия аймағын күшейтуге, сондай-ақ электр энергиясын жинақтап сақтау жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде энергия аймағының жұмыс тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді.

- Сонымен қатар, жел электр станциясын Қазақстанның Ұлттық энергетикалық жүйесімен тікелей байланыстыратын электр желілері мен қосалқы станциялардың құрылысы. Бұл жинақтау жүйесі станция қуатының 30%-ына, яғни 300 мегаваттқа есептелген. Бұл жел электр станцияларының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Егер сіз жел энергетикасымен таныс болсаңыз, білесіз – жел әрқашан бола бермейді. Сондықтан бұл энергия жинақтау жүйесі электр қуатын сақтап, тұрақтандырып, желіге беруге мүмкіндік береді. Осылайша, электр энергиясының ауытқуы жинақтау жүйесінің арқасында ең төменгі деңгейде болады, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін президент Қазақстан үкіметі мен БАӘ үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған болатын. 

Ымыраның қыр-сырына Ulysmedia.kz үңіліп көрген. 

БАӘ-нің Masdar компаниясы Қазақстандағы жаңартылатын энергия нарығына кіруді көздейді. Олар 1,4 млрд АҚШ долларын инвестиция ретінде салып, қуаты 1 ГВт жел электр станциясын және қуаты 300 МВт энергия жинау жүйесін салуға ниетті. Бұл – Қазақстандағы ең ауқымды «жасыл» жобалардың бірі. 

Келісімді бүгін Сенат та мақұлдады.

АКЦИЯЛАРЫНА КІМ ИЕЛІК ЕТЕДІ

Сенат депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, келісімге сәйкес, Қазақстан тарапы инвесторға заңнама мен электр желілері ережелерінің өзгеруінен, бәсекелес жобалардың салынуынан немесе жер құнының өсуінен туындаған қосымша шығындардың орнын өтеуге міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы электр энергиясын өндіру үшін қолданылатын жел ағынына әсер етуі мүмкін іргелес жобалар немесе құрылыс жүргізуге жол бермеуге тиіс. Жобаны іске асыру шарттарының бірі — жобалық компанияға Қазақстан Республикасының нақты уақыттағы теңгерімдеуші нарығына қатысу талабы қолданылмайды. Сондай-ақ жобаны іске асыру үшін қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда жобалық компанияға барлық қажетті лицензиялар, рұқсаттар, мемлекеттік сараптамалардан өту құқығы беріледі, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігі де бар.

Серіктес жаңалықтары