×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Назарбаев университеті, ӘМСҚ мен АХҚО: мемлекет енді оларды басқаша қаржыландырады

Назарбаев университеті, ӘМСҚ мен АХҚО: мемлекет енді оларды басқаша қаржыландырады

«Назарбаев университетін», ӘМСҚ мен АХҚО-ны қаржыландыру механизмі 2026 жылдан бастап өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨЗГЕРІСТЕР

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру, денсаулық сақтау және қаржы саласындағы бірқатар квазимемлекеттік ұйымды қаржыландыру механизмі күшейтіледі. Бұл туралы жоғары аудиторлық палата мәлімдеді.

Бюджет кодексіне қажетті өзгерістер енгізу процесі республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (ШҚЕ) жүргізілген мемлекеттік аудиттен кейін басталды. Аудиторлар мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын ұйымдарды нысаналы салымдар мен нысаналы аударымдардың көмегімен қаржыландыру мүмкіндігі мемлекет активтерінің ШҚЕ-де көрсетілу сапасы мен дұрыстығына теріс әсер ететінін анықтады. 

“НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ”

Осындай механизмдер арқылы жыл сайын «Назарбаев университеті» және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да бірқатар ұйым қаржыландырылады.

Жоғары аудиторлық палата үкіметіне қаржыландыру тәсілін өзгерту мүмкіндігін қарауды ұсынды, өйткені қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы жоқ) және қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етпейді. 

ТРАНСФЕРТ

Нәтижесінде жаңа бюджет кодексінде нысаналы салымдар мен аударымдар көмегімен қаржыландыруды көздейтін нормалар алып тасталды. Оның орнына заңды тұлғаларға берілетін трансферттер енгізіледі.

Трансферттер оларды алуға үміткер ұйымдар өздерінің стратегиялық құжаттарында нақты нәтижелерді жоспарлаған жағдайда бөлінетін болады. Қаржы жылы ішінде бөлінген және пайдаланылмаған қаражат бюджетке қайтарылады, заңда көзделген жекелеген жағдайларды қоспағанда. 

Трансферттер алатын заңды тұлғалардың бірінші басшылары мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, өздерінің ұзақ мерзімді стратегияларында және тиісті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында айқындалған нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады. Сонымен қатар олар қаражатты пайдалану туралы есептердің негізділігі мен дұрыстығына жауап береді. 

Бұл өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары