×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Мәскеуде Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне үкім шықты

Мәскеуде Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне үкім шықты
Ашық дереккөзден

Мәскеудің Басман соты Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді алты жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Кирсанов РИА Новости агенттігіне хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Тергеу мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айында Қазақстандағы Украина елшісі ретінде сұхбат берген Врублевский ресейліктерге қатысты жеккөрушілік пен зорлықты насихаттайтын мәлімдеме жасаған. Бұл сұхбат интернетте ашық түрде жарияланған. Кейін ол тергеуден жасырынған, халықаралық іздеуге жарияланды. Сот оған сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәскеудегі Басман соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді бұған дейін де сырттай алты жылға соттаған болатын. Бірақ кейін Петр Врублевскийге шығарылған үкімнің күші жойылды.

ВРУБЛЕВСКИЙДІҢ ҚУДАЛАУ ТАРИХЫ

Врублевскийге қатысты қудалау 2022 жылғы тамызда Қазақстандағы Украина елшісі қызметін атқарып жүргенде, блогер Диас Құзайровқа берген сұхбатынан кейін басталды. Ол сұхбат барысында Украинадағы қақтығыс туралы айта келіп:

«Қолымыздан келгенше олардың (ресейліктердің) көбін өлтіруге тырысып жатырмыз. Қаншалықты көп өлтірсек, болашақта балаларымызға соғұрлым аз өлтіруге тура келеді», – деп мәлімдеген болатын.

Бұл сөздер біршама резонанс тудырды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елшімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ол өз сөздері үшін кешірім сұраған. Алайда ресейлік тарап елшіні Қазақстаннан шығаруды талап етті.

ДАУЛЫ СҰХБАТ

2022 жылдың қазан айында Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді Қазақстандағы елші қызметінен босатқан еді. Бұл ресейшіл БАҚ дипломат блогер Диас Құзайыровқа берген сұхбатының үзіндісін таратқаннан кейін болды. Онда Врублевский "біз қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, балаларымыз соншалықты біздің балаларға азырақ өлтіреді" деген тұжырымға келген. Кейіннен Қазақстан СІМ наразылық білдіріп, елші кешірім сұрады.

2022 жылы наурызда Врублевский Ulysmedia.kz порталына эксклюзивті сұхбат беріп, онда Ресейдің Украинаға басып кіруі, Еуропаға қашқан босқындардың жағдайы туралы айтып, қазақстандықтардан жиналған гуманитарлық көмек жайлы пайымын білдірген.

Серіктес жаңалықтары