×
513.74
569.17
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.74
569.17
6.33

Назарбаеваның ұсынысы ма – үкімет неге қарасораны заңдастырғалы отыр

Назарбаеваның ұсынысы ма – үкімет неге қарасораны заңдастырғалы отыр
Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда қарасора өсіруді заңдастыруды кім ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ БАСТАМАСЫ?

Үкіметте өткен брифинг барысында журналист бұл ұсынысқа Дариға Назарбаеваның қатысы бар-жоғын сұрады. 

- Айтыңызшы, бұл кімнің бастамасы болды? Себебі біз кезінде Сенат спикері болған кезде Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіруді ұсынған болатынын жақсы білеміз. Бұл соның ұсыныстарына құлақ асу нәтижесі ме, әлде елімізде каннабис өсіруді дамыту бастамасымен кім шықты?, деп сұрады журналист. 

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Сапаровтың сөзінше, бұл бастаманы басқа компаниялар көтерген. 

- Жоқ, бізде бастаманы көтерген – басқа компаниялар. Қазір елімізде игерілмей жатқан жерлер көп. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданында егін егілмейтін жерлер бар. Сол жерлерге техникалық мақсаттағы кендір өсіруді жоспарлап отырмыз. Сол себепті бұл компания қызығушылық танытып, қазір осы мәселені зерттеп жатыр. Биыл үлгере ме, үлгермей ме – ол әлі белгісіз. Бұл бастама бұрынғы ұсыныспен (Дариға Назарбаевамен) еш байланыссыз, дейді министр. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс өндірістік мақсаттағы қарасораны өсіруге рұқсат беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. 

Мәжіліс отырысында депутат Никита Шаталов ішкі істер органдары өндірістік қарасораны қалай бақылауға алатынын сұрады. Ол бұл қадам жаңа арзан есірткі түрінің пайда болуына әкеп соқпай ма деген алаңдаушылық білдірді.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Санжар Әділовтің айтуынша, ІІМ өндірістен бастап соңғы іске асыруға дейінгі барлық процесті бақылауда ұстамақ.

«Өндірістік қарасора мен марихуана екі түрлі өсімдік. Өндірістік конопляда есірткілік әсер беретін тетрагидроканнабинол (ТГК) өте аз мөлшерде кездеседі, ол генетикалық тұрғыда да марихуанадан өзгеше. Сондықтан оның құрамында психобелсенді заттар болмайды», – деді Әділов.

ҮКІМЕТ ТАПСЫРМАСЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРІЛДІ

Биыл 19 ақпанда инвесторлар тарту жөніндегі кеңесте үкімет ІІМ-ге каннабис өндірісін дамытуға байланысты заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді тапсырған. Бұл өзгерістер депутаттармен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген.

Серіктес жаңалықтары