Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне қосымша құн салығының көтерілуі қалай әсер ететінін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министр бағаның қазіргі деңгейде сақталатынына сендірді. Себебі фермерлерге қосымша қолдау көрсетіледі.
Жеңілдік мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін көтерілді. Егер қазір 12% есепке алынса, жеңілдік – 70% болады. Фермерлер тек 30% төлейді. Жаңа кодексте ҚҚС 16%-ға дейін өседі, бірақ жеңілдік 80%-ға дейін көтеріледі. Бұл фермерлерге үлкен қолдау. Барлық 16% есепке алынады. Баға қазіргі деңгейде қалады. Себебі жеңілдікті 10%-ға арттырдық, – деді министр.
Бұған дейін мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар Салық кодексінің ілеспе түзетулерімен бірге алғашқы оқылымда қабылдады. Атап айтқанда, қосылған құн салығы (ҚҚС) 16% болып бекітілді. ҚҚС бойынша шекті мөлшер – 40 млн теңге. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап шығару және археология ҚҚС төлеуден босатылады.