Алматыда елдегі ең ірі ботаникалық коллекцияларда да баламасы жоқ ерекше бақ жойылу қаупінде тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сәуір айының басында бақ орналасқан жер телімінің иесі Ольга Мартыноваға бұл аумақ «мемлекеттік қажетке» — нақты айтқанда Райымбек даңғылын Шығыс айналма жолына дейін ұзарту мақсатында мәжбүрлеп алынатыны жөнінде ескерту келіп түскен.
Алайда мәселе тек жер телімінде емес — бұл бақ Татарка ықшамауданындағы шабыт пен мәдениеттің белгісіне айналған орын.
ГҮЛДІҢ ТҮР-ТҮРІ
Мартынова 25 жылдың ішінде 3,5 соттық жерге гүлдің көптеген түрін өсірген:
Әсіресе, сирень гүлінің коллекциясы ерекше назарға лайық: бақта 42 сорттан тұратын 51 бұта бар. Олардың арасында әлемде небәрі үш дана ғана қалған өте сирек сорт та кездеседі.
Ольганың бағы алматылық суретшілер мен табиғат жанашырлары үшін мәдени орталыққа айналған. Бұл жерде белгілі суретшілер Юрий Харченко мен Светлана Плотникова секілді шығармашылық иелері жиі пленэр өткізеді.
Келушілер бұл баққа тек сұлулық үшін ғана емес, рухани тыныштық табу үшін де келеді. Баққа кіру әрдайым тегін болған, ал Ольга өсімдіктер туралы білімін де, көшеттерін де қонақтармен қуана бөлісіп отырған.