Франция президенті Эммануэль Макрон оның елі Украинаға қару жеткізуді арттыра алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
TF1 телеарнасының эфирінде сөйлеген сөзінде Макрон Париждің Киевке көп мөлшерде снарядтар мен түрлі әскери техника, соның ішінде артиллериялық жүйелер жібергенін айтты.
– Біз Украинаға барымызды бердік. Өндірісті әлдеқайда жылдам әрі көп көлемде іске асыруға тырыстық — бұл әскери экономиканың өзі. Бірақ қолыңда жоқты беруге болмайды. Біз өз қауіпсіздігіміз үшін қажеттіні де құрбан ете алмаймыз. Биыл біз өндіргеннің барлығы Украинаға жөнелтілуде. Тіпті өзге елдерге сатып жіберген зеңбіректерді де қайтарып алып, Украинаға жібердік. Яғни қолдан келгеннің бәрін жасадық, – деді Макрон.
БҰҒАН ДЕЙІН
Биыл наурыз айының соңында Франция Украинаға кезекті әскери техника легін жіберетінін хабарлаған болатын. Сол кезде Макрон көмектің көлемі 2 миллиард еуроға жететінін мәлімдеген.