×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

«Досаев отставкаға кетсін»: Алматыда белсенділер митинг өткізбек

«Досаев отставкаға кетсін»: Алматыда белсенділер митинг өткізбек
Ulysmedia.kz коллажы

Қоғам қайраткері Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИТИНГ

Санжар Боқаев пен Мұрат Адам Алматы әкімдігіне "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап етеміз" тақырыбындағы митинг өткізу жөнінде ресми өтініш тапсырды. Олар әкім басқарған уақыт ішінде қала күрделі ахуалға тап болғанын алға тартады.

ҚҰРЫЛЫС, ЖЕМҚОРЛЫҚ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мегаполис жүйелі түрде құлдырауға ұшыраған. Мысалы, ескі бордюрлердің орнына жаңасы салынып, тығыз және нүктелік құрылыс бұрынғыдан бетер күшейген. Бұған қоса, қалада ағаштардың жаппай оталуы мен жаңа автобустардың істен шығуы да айтылды.

Сондай-ақ, олар метроның жаңа станцияларын салу жобасы тоқтап қалуы мүмкін екенін ескертті. Белсенділердің сөзінше, қалада сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендемей, керісінше күшейе түскен.

- Қала басқаруында жүйелі қателіктер, жемқорлықтың көбеюі және тиімсіз шешімдер көзге ұрып тұр. Бұл — тексеру нәтижелерімен де дәлелденіп отырған негізгі проблемалардың бір бөлігі ғана. Біз, алматылықтар, қаламыздың тоналып, жойылып бара жатқанын үнсіз бақылап отыра алмаймыз. Сонымен қатар, митинг тақырыбы – «Досаев отставкаға кетсін» – болғандықтан, оны мақұлдайтын органның өзі қала әкімі екенін ескертеміз, – деп мәлімдеді митинг ұйымдастырушылары.

ДОСАЕВ ТУРАЛЫ

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың қаңтар айынан бері Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қоғам тарапынан сынға ұшыраған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астанаға сапармен барып қайтқан соң, Досаевтың қызметі президент әкімшілігі тарапынан тексеріле бастады.

Серіктес жаңалықтары