×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

Айына 6 мың: Қазақстанда ауыр мүгедектігі бар халық тиын санап жүр

Айына 6 мың: Қазақстанда ауыр мүгедектігі бар халық тиын санап жүр
фото: u-f.ru

Қазақстанда ауыр мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақының орташа айлық мөлшері небәрі 6,3 мың теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛДЕ ҚАНША МҮГЕДЕК ЖАН БАР

Finprom мәліметінше, мүгедектігі бар 738 мың қазақстандықтың ішінде мемлекеттік жәрдемақы алатындар саны – небәрі 553 мың адам.

2024 жылы Қазақстанда 737,5 мың мүгедектігі бар адам тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар саны бір жылда 4,8%-ға өсіп, 114,7 мың адамды құрады. Жыл сайын елімізде мүгедектігі бар адамдар саны артып келеді.

ӨҢІРЛЕР

Елде 737,5 мың ерекше қажеттілігі бар адам болғанымен, 2024 жылы олардың ішінде мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны тек 552,8 мың болды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық.

Ең көп жәрдемақы алатындар Түркістан облысында (76,6 мың адам), Алматы қаласында (41,4 мың адам) және Қарағанды облысында (39,3 мың адам) тіркелді.

ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ

2024 жылы тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері:

– І және ІІ топтағы мүгедектерге – 6,3 мың теңге (өткен жылы – 5,9 мың теңге),
– ІІІ топтағы мүгедектерге – 2,7 мың теңге (2023 жылы – 2,6 мың теңге),
– 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 4,1 мың теңге (өткен жылы – 3,8 мың теңге).

Айта кетейік, мүгедектігі бар адамдарға арналған бұл жәрдемақылардың мөлшері өте төмен, сондықтан бұл қаражатпен өмір сүру мүмкін емес. Осыған байланысты кейбір ерекше қажеттілігі бар азаматтар жұмыс істеуге мәжбүр. Мәселен, 2023 жылы елде жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар саны 46,4 мың адам болды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға көп.

Серіктес жаңалықтары