×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

Астанада мәслихат депутаттары сотталды

Астанада мәслихат депутаттары сотталды
Видео кадры

Астанада экс-мəслихат депутаты Елена Беленцева мен Данияр Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.

2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан.

Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған. 

ЗАЛАЛ

Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.

ТӘРКІЛЕУ

Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды. Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары