×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

«16 жастағы бала саған не істеді?»: Сотта Ғайыпбаевтың тағы бір видеосы көрсетілді

Бүгін, 18:10
«16 жастағы бала саған не істеді?»: Сотта Ғайыпбаевтың тағы бір видеосы көрсетілді
Ulysmedia.kz коллажы

Бүгінгі сотта жауап берген сотталушы Азамат Тоқтаубаевтың марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевпен тергеу кезінде болған беттестірудің видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Ең бірінші Ахмет деген баланы ұрған осы болатын. Сол кезде бұл баланың қолында пышағы болды. Бұлар “добивать” етуге келді. Менің «16 жастағы бала, тоқтаңдаршы!» деп айқайлағаныма тоқтамады..., – дейді видеода марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев. 

Азамат Тоқтаубаев Ғайыпбаевтың жауабымен келіспеді. Ол «қолымда пышақ болған жоқ. Ешкімді ұрмадым» деді. Бірақ ол төбелесті өзімен бірге келген адамдардың бірі бастағанын жоққа шығармады. 

Видеода Нұрқанат Ғайыпбаев Азамат Тоқтаубаевтан: «16 жастағы бала саған не істеді. Неге жауыздықпен өлтірдің?» деп сұрайды. Ол «Мен ешкімді өлтірген жоқпын» деп жауап береді. Видеода Ғайыпбаев мылтықты атпағанын айтады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 6 мамырдағы сот отырысы іс бойынша куә деп танылған Талғар аудандық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің басшысы Медет Әділжаннан жауап алудан басталған болатын. Ол оқиға болған күні марқұм Шерзат Полаттың немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алған. 

– Нақты [жауап алу кезінде] Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзатты Абзал Шынасыл, өзін Азамат Тоқтабаев пышақтады деп сол кісілердің суреттерін көрсетті, – деді Әділжанов сотта. 

Бұған дейінгі сот отырысында айыптаушы прокурор тергеу кезінде мылтықты кімнің алып келгені, оқты кімнің атқаны анықталмағанын айтқан. 

Сонымен қатар, Шерзат Полаттың ісі бойынша 29 сәуірдегі сот процесінде марқұмның қаза болған ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабының видеосы жарияланды. 

Видеода Нұрқанат Ғайыпбаев тергеушілердің сұрақтарына жауап бергені көрсетілген. Нұрқанаттың төсекте жатқанына қарағанда емделіп жатқанын, төбелестен кейін көп уақыт өтпегенін аңғаруға болады.

НҰРҚАНАТТЫҢ ТЕРГЕУДЕГІ ЖАУАБЫ

Бұған дейін Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезіндегі жауаптарын жазған едік. Толығырақ осы тұста

Соттың тікелей эфирін Ұлысмедианың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Автор: Есдәулет Қызырбек

Серіктес жаңалықтары