×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Қытай Қазақстан суының көп бөлігін алғысы келеді – ресейлік ғалым

Қытай Қазақстан суының көп бөлігін алғысы келеді – ресейлік ғалым
Фото: Pexels.com

Ресейлік ғалым Қазақстан мен Қытай шекарасындағы су ресурстары әділетсіз пайдаланылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

15 мамыр күні Астанада Арал проблемасына арналған халықаралық ARAL саммиті өтті. Шараға Ауғанстан өкілдері де қатысты. Жиында Орталық Азия аумағындағы су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды.

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМ НЕ ДЕЙДІ

Саммит барысында түрлі елден келген ғалымдар сөз сөйледі. Солардың бірі – Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Виктор Данилов-Данильян Қазақстан мен Қытай шекарасындағы су ресурстарын пайдалану жайына тоқталды.

– Қытай Халық Республикасы кейбір жоспарларға сәйкес, Қазақстан мен Қытай шекарасын кесіп өтетін Қара Ертіс суының 90 пайызына дейінгі бөлігін алмақ. Мұндай көлемде суды алу – мүлде жол беруге болмайтын жағдай, – деді ол.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Бұл мәлімдемеге қатысты су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов жауап беріп, 90% деген көрсеткішті нақты растай алмады. Дегенмен Қытаймен келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

– Ертіс өзеніне келсек, негізгі су көзінің шамамен 80 пайызы біздің аумақта қалыптасады. Сондықтан бұл бағытта аса үлкен проблема болмайды деп ойлаймын. Қалай болғанда да Қытаймен әріптестік байланыс бар, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, Іле өзеніне қатысты жағдай анағұрлым күрделі. Бұл – Қытай үшін маңызды геосаяси мәселе. Сондықтан келіссөздер өте мұқият, дипломатиялық жолмен жүргізіліп жатыр.

– Соңғы екі айда біздің делегация Қытайға барып, бірнеше құжатқа қол қойды. Қытай тарапы бұл мәселені түсінеді және Балқаш Арал теңізінің тағдырын қайталамауы үшін әрекет етіп отыр. 90% туралы нақты дерек жоқ. Іле бойынша судың көбі Қытай жағында. Бұл – ұзақ әрі күрделі диалог, – деп түсіндірді Абдраимов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қазақстандық су мамандары Қытайға не үшін және кімнің есебінен барып жүргенін түсіндірген болатын. 

Серіктес жаңалықтары