×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Досаев отставкасын талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермей қойды

Досаев отставкасын талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермей қойды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы әкімдігі қоғам белсенділері Мұрат Адам мен Санжар Бокаевқа қала әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мұрат Адам хабарлады. Белсендінің айтуынша, олар митингіні 2025 жылдың 24 мамыры күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Амангелді Иманов атындағы скверде өткізуге өтініш берген. Бірақ әкімдік митинг өткізуге тек сағат 12:00-ден 15:00 аралығында ғана тыйым салған. Яғни, бұл уақыттан басқа мезгілде шара өткізуге ресми тыйым салынбаған.

— Бұл жауаптан ұғатынымыз, басқа уақыттарда митинг өткізуге әкімдік тыйым салмаған болып тұр, — дейді Мұрат Адам.

Оның айтуынша, заң бойынша, егер сұралған орын бос болмаса, жергілікті атқарушы орган басқа нұсқа ұсынуы тиіс. Бірақ Досаевтың аты аталған кез келген шарада, қаладағы барлық орындардың "бос емес" болып шығатынын атап өтті.

— Біз мұндай жағдайды бұған дейін де басымыздан өткергенбіз. Айман Омарова, адвокат Рена Керімова, Елена Жигаленок сынды әріптестерімізбен бірге Досаевқа қатысты митингке өтініш бергенде де әкімдіктің өкілдері сотта нақты жауап бере алмай, судья оларды «құлағынан сүйреп» әрең шығарып еді, — деп еске алды белсенді.

Мұрат Адамның сөзінше, бұл жолы да әкімдік заң талаптарын өрескел бұзған. Оның пікірінше, әкімдік қызметкерлері митингті жылдам кері қайтаруға асығып, әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) ескерусіз қалдырған.

— Олар біздің өтініш бойынша алдын ала тыңдау өткізуді мүлде ұмытып кеткен. Бұл әкімдіктің қаншалықты мазасызданып отырғанын көрсетеді. Қолдарынан келсе болды, бастысы — митингке рұқсат бермеу, — деді Мұрат Адам.

Белсенділер енді сотқа жүгінбек. Олар өздерінің құқығын қорғап, әкім Ерболат Досаевтың әрекетін заңсыз деп тануды талап ететіндерін айтты.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қоғам қайраткері Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік. 

Санжар Боқаев пен Мұрат Адам Алматы әкімдігіне "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап етеміз" тақырыбындағы митинг өткізу жөнінде ресми өтініш тапсырған еді. Олар әкім басқарған уақыт ішінде қала күрделі ахуалға тап болғанын алға тартты. 

Серіктес жаңалықтары