×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Билік кейбір қазақстандықтардың банк операциялары туралы деректерді жинай бастайды

Билік кейбір қазақстандықтардың банк операциялары туралы деректерді жинай бастайды
фото: gov.kz

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға үміткер азаматтар банк операциялары туралы мәліметтерін ашуға міндеттеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жаңашылдықты соңғы уақытта азаматтардың шынайы табысын жасырып, заңсыз түрде мемлекеттік көмек алуы жиілеген деп түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жаңа талаптар туралы ақпарат биыл сәуір айында белгілі болған еді. Енді билік өкілдері бұл жаңашылдықтың нақты қандай операцияларға қатысты екенін нақтылап отыр.

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ АӘК

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі қолданыстағы АӘК көрсету жүйесі азаматтардың кірістеріне негізделген. Алайда онда кейбір әлсіз тұстар анықталған, атап айтқанда, мәліметтердің жеткіліксіз ашықтығы және үй шаруашылығының шығыстары ескерілмеген. Сондықтан банк қарыздары, микрокредиттер, банктік шоттар бойынша операциялар, жинақ салымдары мен депозиттерді есепке алу үшін өзгерістер әзірленген, деп жазады inbusiness.kz.

ӘҢГІМЕ НЕ ЖАЙЛЫ

Әңгіме отбасының нақты өмір сүру деңгейін көрсететін шығыстар туралы болып отыр. Министрлік бұл ретте отбасы мүшелері арасындағы аударымдар, қайырымдылық көмектер және тұрақты емес, бір реттік түсімдер бұл есепке кірмейтінін түсіндірді.

Күмәнді операциялар анықталған жағдайда, өтініш беруші қаражаттың қайдан шыққанын дәлелдеуі тиіс.

Министрлік өкілдері есепшоттар туралы мәліметтерді жинау азаматтардың келісімімен ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.

Азаматтардың нақты табысы мен шығынын есепке алу олардың мұқтаждық деңгейін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді және АӘК-ті тек шынымен мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдарға беруге бағытталады.

Серіктес жаңалықтары