×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Кадыровты сынаған шешен белсендісі Алматыда 40 күнге қамалды

Бүгін, 15:10
Кадыровты сынаған шешен белсендісі Алматыда 40 күнге қамалды
Ұлысмедиа коллажы

Адвокат Мұрат Адам Алматыда ұсталған шешен белсендісі Мансур Мовлаевтың 40 күнге қамалғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Мұрат Адамның сөзінше, тергеу соты шешен белсендісі Мансур Мовлаевты 40 күнге қамауға алған. 

Мен бүгінгі процесте Шешенстанда белсенділерді көпшілік алдында қалай өлтіретінін көрсеттім. Бұл нағыз сұмдық, мұның бәріне барлығы қарап тұр, ал әйелдер өлген белсендіге қарап жылап тұр. Тергеу судьясы сол видеожазбаны көрсетуді өтінді, бәлкім бізсіз көргенде жағасын ұстаған болар. Тергеу соты Мансур Мовлаевтың өміріне қаншалықты қауіп төніп тұрғанын көрсету үшін мен осындай өтінішті беруге мәжбүр болдым. Қорғауымыздағы Мовлаев та осы өтінішті қолдады, – дейді ол.

Мұрат Адам ендігі кезекте Мансур Мовлаевқа баспана беру мәселесі жөнінде өтініш білдіретінін жеткізді. “Біз тергеу сотының шешіміне ырзамыз. Сот шешіміне қарсылық білдірмейміз” дейді адвокат.

Алматыда шешен ұлтының өкілі, белсенді Мансур Мовлаевтің ұсталғаны туралы кеше ақпарат тараған еді. Мовлаевтың ұсталғанын растайтын өзге дереккөз табылмаған. Алматы қалалық полиция департаменті де бұл жөнінде түсініктеме берген жоқ.

РЕСЕЙДІҢ ҚЫСЫМЫ

«Настоящее время» арнасының жазуынша, 2023 жылы Мансур Мовлаев Қырғызстанда жүрген кезінде Ресейге экстрадиция қаупі туындаған. Осыдан кейін ол елден кетуге мәжбүр болған. Сол уақытта ол әлеуметтік желіде Ресей билігі өзіне қысым жасау үшін бауырлары Зелимхан мен Хамзатты ұстағанын жазған.

Серіктес жаңалықтары