×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Астанада пранк жасаған блогерлер қамауға алынды

Бүгін, 11:15
Астанада пранк жасаған блогерлер қамауға алынды
Polisia.kz

Әлеуметтік желідегі "хайп" үшін қойылған қойылым тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында блогер мен оның екі серіктесі түсірген видеоны анықтады. Олар тұрғын үй кешенінің лифтіне мәйітке ұқсас манекен орналастырып, адамдардың үрейін туғызатын қойылым жасаған.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстағаған. Олардың әрекеттері лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды.

СОТ ШЕШІМІ

Сот шешімімен пранкты ұйымдастырған адам 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО тұрғыны әйеліне пранк жасаймын деп екі жылға сотталғанын жазған едік.



 

Серіктес жаңалықтары