×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Найзағай, нөсер жаңбыр: елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін, 18:42
Найзағай, нөсер жаңбыр: елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК жексенбі, 18 мамырда елдің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің мәліметінше, ертең елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Атырау облысында солтүстіктен оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с-ке жетеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі (5 класс), таулы аудандарында жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 

Жетісу облысында күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні –  24-29 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың орталығында жағары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматыда күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай, дауыл. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары