×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Жаңа Рим Папасы қызметіне кірісті

Бүгін, 15:12
Жаңа Рим Папасы қызметіне кірісті
TIZIANA FABI / AFP - Getty Images

Ватиканда жаңа Рим Папасы Лев XIV-тің ресми интронизация (таққа отыру) салтанаты басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Салтанатты месса жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана уақытымен 13:00) басталды және шамамен екі сағатқа созылады. Бағдарламаға дәстүрлі папалық рәсімдер — бақташы билігінің белгісі болып есептелетін паллийді тағу және кардиналдардың құрмет білдіруі кіреді.

Понтификаттың басталуына орай Римге 150-ден астам халықаралық делегация барған. Олардың қатарында монархтар, президенттер мен үкімет басшылары бар. Әулие Петр алаңында қатысып жатқан мәртебелі қонақтардың қатарында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Украина президенті Владимир Зеленский бар.

РӘСІМ ҚАЛАЙ ӨТІП ЖАТЫР?

Салтанат басталар алдында Папа Лев XIV Әулие Петр алаңымен жүріп өтті, жиналған жұртшылықты қарсы алып, оларға қол бұлғап, жымиып амандасты. Алайда тоқтаған жоқ.

Associated Press мәліметінше, интронизация өтетін аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген — жол қозғалысын азаматтық қорғаныс қызметкерлері реттеп жатыр. Билік өкілдерінің бағалауынша, бұл рәсімге 250 мыңға дейін адам жиналуы мүмкін.

Алаңды аралап шыққаннан кейін понтифик Әулие Петрдің қабіріне барып, дұға жасады, кейін Әулие Петр шіркеуіне оралып, салтанатты мессаны бастады. Интронизация осы месса аясында жүзеге асты.

Дәстүр бойынша жаңа Папаға понтификат белгілері табысталады: Апостол Петрдің мұрагерлігін білдіретін балықшы жүзігі мен қой жүнінен жасалған, айқыштармен кестеленген паллий. Сондай-ақ понтифик дінбасылар мен зайырлы өкілдер делегациясынан адалдық антын қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары