"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 мамырда Алматыда және 16 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, дауыл соғады. Түнде, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 18-23 м/с. Облыстың батысында, орталығында жағары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Алматыда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс), оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) бар.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпін секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысында тұман, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.