АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденде қуық асты безінің қатерлі ісігі анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Джо Байденге диагноз медициналық тексеруден кейін қойылды.
NBC News мәліметінше, Байденге қатерлі ісіктің агрессивті түрі диагнозы қойылған, ауру сүйек тініне метастаз беріп үлгерген. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік гормондық терапияға сезімталдығын сақтап отыр, бұл тиімді емдеу мүмкіндігіне жол ашады.
Ресми мәлімдемеде Байденнің отбасы және медицина мамандарымен бірге қажетті ем-дом нұсқаларын қарастырып жатқаны көрсетілген. Бұл мәселелер терапия схемалары мен жақын болашаққа арналған болжамдарды қамтиды. Бұрынғы мемлекет басшысының емді қашан бастайтыны немесе өмір салтын қалай өзгертетіні туралы әзірге хабарланған жоқ.
Джо Байден 81 жаста. Президенттік қызметтегі мерзімін 2025 жылы аяқтады. Оның денсаулығына қатысты мәселелер, әсіресе Ақ үйде болған соңғы жылдары, қоғам мен саяси ортада үнемі талқыланып келеді.