Соңғы он күн ішінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі сейсмологтар әдеттен тыс геофизикалық құбылыстарды – бұрын белгілі жер сілкіністеріне ұқсамайтын жер қыртысының тұрақты әрі ырғақты тербелістерін тіркеп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Seismological Research Letters ғылыми журналының мәліметінше, бұл толқындар тіпті Арктика мен Антарктида сияқты алыс аймақтарда да тіркелген.
Әр толқынның ұзақтығы дәл 92 секундты құрады. Олардың жиілігі мен тұрақтылығы мамандарды таңғалдырып отыр. Ғылыми ортада бұл жаңа құбылысқа «белгісіз сейсмикалық нысан» деген бейресми атау берілді.
Сейсмологтар тіркелген сигналдардың табиғи жер сілкіністеріне де, жанартау белсенділігіне де сәйкес келмейтінін атап өтті. Ғылыми қауымдастықты ерекше таңғалдырған нәрсе – құбылыстың қайталанғыштығы мен айқын циклділігі. Бұл классикалық геодинамикалық процестерге тән емес параметрлер.
Бұл – біз байқаған ең жұмбақ сигналдардың бірі. Ол ғаламшарды таңғажайып тұрақтылықпен шарлап жүр, – деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі.
«Белгісіз нысанның» шығу тегі туралы жұмыс нұсқаларының бірі – мұхит толқындарының өзара әсерінен туындаған сирек табиғи құбылыс. Бұл гипотезаға сәйкес, материктер мен аралдар жағалауларына соғылған су тұрақты тербелістер тудырып, олар жер қыртысы арқылы микросейсмикалық толқындар түрінде таралады. Мұндай соққылар әр 90 секунд сайын қайталанып, ондаған мың рет қайталануы мүмкін.