×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Тасмағамбетов АҚШ пен Ресей диалогына қатысты пікір білдірді

Тасмағамбетов АҚШ пен Ресей диалогына қатысты пікір білдірді
Фото: ҰҚШҰ

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов парламенттік ассамблея кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, Ресей мен АҚШ арасындағы басталған диалогқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өз сөзінде Тасмағамбетов Ресей мен АҚШ арасындағы саяси-дипломатиялық диалогтың жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – сақтықпен қарауға тұрарлық оң белгі.

- Әскери-саяси жағдайды тұрақтандыру тұрғысынан алғанда, Ресей мен АҚШ өкілдерінің байланысқа шыққанының өзі – маңызды жайт. Ресей мен АҚШ арасындағы диалогтың мультипликативтік әсері жаһандық үдерістерге тікелей ықпал етіп, Еуразияның түрлі өңірлеріндегі, соның ішінде ҰҚШҰ жауапкершілік аймағындағы шиеленісті азайтуға көмектеседі, – деді Тасмағамбетов.

ҮНДІСТАН МЕН ПӘКІСТАН

Сондай-ақ, Тасмағамбетов Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастың күрт шиеленісіп, бұл жағдай қарулы қақтығыстарға әкелгенін алаңдаушылықпен атап өтті.

- Соңғы уақытта қарсыластықтың қызуы бәсеңдегенімен, қақтығыстың "ыстық фазаға" ауысу қаупі әлі де жоғары. Біз екі тарапты және халықаралық қауымдастықты бар мүмкіндікті пайдаланып, қарулы текетіресті бәсеңдетуге және жағдайдан бейбіт жолмен шығудың амалдарын іздеуге шақырамыз, – деді ол.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Тасмағамбетов Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара келісіміне де тоқталды.

- Орталық Азияда маңызды оң өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімнің қол қойылуы. Екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен жүйелі күш-жігерінің арқасында ұзындығы шамамен мың шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара сызығы толық келісілді. Бұдан бөлек, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері үш елдің мемлекеттік шекара түйіскен нүктесі туралы келісімге қол қойып, бұл өңірдегі тұрақтылықты күшейтетін маңызды қадам болды, – деді ҰҚШҰ бас хатшысы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, наурыз айының басында Иманғали Тасмағамбетов ресейлік «Известия» басылымына берген сұхбатында Еуропа елдерінің Украинаға әскер кіргізу ықтималдығы туралы пікір білдірген болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның да әскерін соғыс аймағына жібереді деген негізсіз ақпараттар тарай бастады.

Серіктес жаңалықтары