×
510.78
576.06
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.78
576.06
6.35

Трамп Путинмен сөйлескеннен кейін оның қандай адам екенін айтты

Трамп Путинмен сөйлескеннен кейін оның қандай адам екенін айтты
eurointegration.com.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин кезекті телефон арқылы сөйлесуден кейін пікір алмасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен соң оны «жайлы джентльмен» деп сипаттады.

– Путин деген жайлы джентльменмен қысқа ғана әңгіме болды. Жалпы жақсы сөйлестік, белгілі бір нәтижеге қол жеткіздік, – деген Трамптың сөзін келтіреді "Коммерсантъ".

Ал Владимир Путин бұл әңгімені «мазмұнды, ашық әрі пайдалы» деп атап, Мәскеу мен Киев арасындағы диалогты қайта жандандыруға делдалдық көрсеткені үшін Трампқа алғыс білдірді.

БҰҒАН ДЕЙІН

19 мамыр күні Дональд Трамп пен Владимир Путин екі сағаттан астам уақытқа созылған телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар Украинадағы қақтығысты реттеу жолдарын және сауда саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Сондай-ақ президенттер Ресей мен Украина өкілдерінің «ең жоғары деңгейде» тікелей байланыс орнату мүмкіндігін сөз етті.

Серіктес жаңалықтары