×
511.59
575.28
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.59
575.28
6.33

«Қазақстанға кеткім келеді»: желіде Германияға көшіп кеткен азаматтың видеосы көпті тебірентті

Бүгін, 08:26
«Қазақстанға кеткім келеді»: желіде Германияға көшіп кеткен азаматтың видеосы көпті тебірентті
скриншот

Әлеуметтік желіде Андрей есімді азаматтың Германиядан Қазақстанға кеткісі келетіні жөнінде видеосы тарады. Бейнематериалды көрген Қазақстан азаматтары Андрейге "келсе күтіп аламыз" деп жылы пікірін қалдырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИДЕО НЕ ЖАЙЛЫ

Қазақстанға апаратын ұшақтарды қарап отырған Андрейдің видеосын зайыбы желіге жүктеген. Оның айтуынша, Андрей неше күннен бері Қазақстанға барғысы келіп, сол оймен “ауырып қалған”.

Күйеуімнің күні бойы көңіл-күйі жоқ. Жатса да, тұрса да Қазақстанға ұшатын ұшақтардың рейс тізімін қарайды да отырады. Саған не болды, Андрюха? Қазақстанға бару 4 адамға қаншалықты қымбат екенін білесің бе? Билет тым қымбат. Одан да Испанияның жағалауында жатпаймыз ба? Үйді жөндеп де біткен жоқпыз. Басқа уақытта барайықшы, – дейді әйелі.

Оған жауап берген Андрей “үйді жөндейміз ғой, бірақ қашан өзіміз үшін өмір сүреміз, Қазақстанға кеткім келеді, ол жақта жылы әрі жақсы, теңізге барайық дейсің, ол маған не керек” дейді Андрей.

Әлеуметтік желіде пікір қалдырған қазақстандықтар Андрейге алғысын жаудырып, “Қазақстанға келсең күтіп аламыз” деп жылы пікір қалдырып жатыр.

ГЕРМАНИЯҒА КӨШКЕНДЕР

Қазақстандағы неміс диаспорасының Германияға қоныс аударуы – тәуелсіздік алғалы ең ауқымды көші-қон толқынының бірі саналады. Бұл үдеріс 1990-жылдары ерекше қарқын алды. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін этникалық немістер Германияның тарихи отанына оралу құқығын пайдалана бастады. Германия үкіметі "репатрианттар" бағдарламасы арқылы Қазақстан мен басқа да ТМД елдеріндегі немістерді қабылдауға ресми түрде мүмкіндік берді.

Ресми деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бері Қазақстаннан Германияға 900 мыңға жуық этникалық неміс көшіп кеткен. Бұл сол кезеңде Қазақстан халқының шамамен 5 пайызына жуық болатын. Егер 1989 жылы Қазақстанда 957 мың неміс тұрса, бүгінде бұл көрсеткіш 180 мыңға жетер-жетпес. 

Серіктес жаңалықтары