×
511.59
575.28
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.59
575.28
6.33

Еуроодақ «Азаттық радиосының» қызметіне 5,5 миллион еуро бөледі

Бүгін, 08:52
Еуроодақ «Азаттық радиосының» қызметіне 5,5 миллион еуро бөледі
Ашық дереккөзден

Еуроодақ "Азат Еуропа / Азаттық радиосына" (RFE/RL) 5,5 миллион еуро бөледі. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Каллас осылай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл – тәуелсіз журналистиканы қолдауға арналған қысқа мерзімді шұғыл қаржыландыру, өзіндік сақтандыру тетігі іспеттес болады, – деді Каллас.

ЕО-ның "Азаттық радиосына" бөлетін қаржысы мақсатты сипатқа ие: ол Еуропаға іргелес елдерге, сондай-ақ Кавказ бен Орталық Азияға бағытталған хабар таратуға жұмсалмақ.

USAGM-МЕН СОТТАСУ

"Азат Еуропа / Азаттық радиосы" медиакорпорациясы қазір конгрес бөлген қаражатты алу үшін АҚШ-тың жаһандық медиа жөніндегі агенттігімен (USAGM) соттасып жатыр.

Азаттық бұған дейін АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігін (USAGM) және оның лауазымды тұлғалары Кари Лэйк пен Виктор Моралеске қарсы сотқа шағым түсірген. Шағымда олардың RFE/RL-ге бөлінетін федералдық грантты тоқтатуға талпынысын қою керектігі талап етілген. Сонымен қатар, арызда АҚШ конгресі арнайы бөлген қаражаттан RFE/RL-ді айыру федералдық заңдарды, соның ішінде федералдық шығындарға толық бақылау жасайтын АҚШ Конституциясын бұзатыны аталып өткен.

USAGM – апта сайын 360 миллионнан астам адамға 50-ге жуық тілде жаңалық хабар тарататын ұйымдарды қадағалайтын АҚШ-тың тәуелсіз мемлекеттік агенттігі. USAGM-нің 2025 жылға арналған бюджеттік өтінімі – 950 миллион доллар. Бұл оның барлық операциялары мен инвестицияларын қаржыландыру үшін қажет.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (RFE/RL) – АҚШ конгресі бөлген грант есебінен USAGM арқылы қаржыландырылатын тәуелсіз медиакорпорация. Азаттық радиосы жұмысын 1953 жылғы 1 наурызда бастаған. Орталық Азия елдері тілдерінде (арасында қазақ тілі де бар) хабар тарататын Түркістан редакциясы 1953 жылғы 18 наурызда алғаш рет эфирге шығып, жұмысын бастаған еді. Қазіргі таңда оның әлеуметтік желілердегі, телевизиялық және радио эфирлеріндегі аудиториясы ондаған елде миллиондаған адамды қамтиды.

Биыл 18 наурызда Еуропа одағының он елі Азаттық радиосына қаржыландыру көздерін іздеуге келіскен. Бірлескен мәлімдемеге Бельгия, Чехия, Эстония, Германия, Латвия, Литва, Нидерланд, Словения және Швеция қол қойды.

Серіктес жаңалықтары