×
511.59
575.28
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.59
575.28
6.33

Украинада қанша қазақ соғысып жүргені туралы нақты ақпарат түспеді - СІМ

Украинада қанша қазақ соғысып жүргені туралы нақты ақпарат түспеді - СІМ

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ресейде соғысып жүрген қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Рахметуллин Украинада жүрген қазақстандықтар туралы нақты ақпарат түспегенін айтады. 

- Менің білуімше, қазақстандықтар Украинадағы соғысқа қатысыпты-мыс. Бірақ бізге Украина тарапынан ресми ақпарат түскен жоқ. Осы ақпараттарды Украина немесе Ресей БАҚ-тарынан байқаймыз. Бірақ бізге Украинадан тікелей немесе нота арқылы ақпарат түскен жоқ. Біздің азаматтарымыз егер осындай соғыста жүрсе олар біздің ішкі заң бойынша қудаланатынын білуі керек. Нақты фактілер болса бізге беріңіздер, оны тиісті құқық қорғау органдарымен бақылаймыз, дейді СІМ орынбасары. 

Ақан Рахметулин егер соғыста жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат түссе СІМ не істейтінін айтты.  

- Сыртқы істер министрлігі құқық қорғау министрлігі емес. Ешқандай қадағалау жасалмайды. Егер нақты, ресми ақпарат түссе оны мүдделі мемлекеттік органдарға жібереміз. Олар тергеу амалдарын жүргізеді. СІМ ретінде ештеңе істей алмаймыз. Себебі ол біздің құзыретімізге кірмейді, дейді Рахметулин. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Сәуірде Украинадағы соғыста қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлаған едік

Серіктес жаңалықтары