×
511.59
575.28
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.59
575.28
6.33

Қазақстан ресейлік «Татнефть» технологияларына қызығушылық танытып отыр – Бектенов Магановпен кездесті

Қазақстан ресейлік «Татнефть» технологияларына қызығушылық танытып отыр – Бектенов Магановпен кездесті
Ашық дереккөзден

Премьер-министр Олжас Бектенов «Татнефть» компаниясының бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу барысында мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, соның ішінде Атырау облысында бутадиен мен синтетикалық каучук өндіруге арналған ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы сөз болды.

МАГАНОВ НЕ ДЕЙДІ

Наиль Маганов жоба бойынша қазіргі жағдаймен таныстырды. Қазіргі таңда мердігер – Қытайдың China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

НЕ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Жыл сайын:
– резеңке-техникалық өнеркәсіп пен шиналар өндірісіне қажетті 60 мың тонна дивинилстиролды синтетикалық каучук (ДССК),
– жол жабындары мен пластиктерге қажет 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучугын (СБС),
– және жоғары октанды бензин өндіруге арналған 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған.
Инвестициялық кезеңді 2025 жылғы 1 шілдеде бастау жоспарланып отыр.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ЖОБАСЫ

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Каратон Подсолевой» учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстары да талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метр тереңдікте барлау ұңғымасы бұрғылануда.

БЕКТЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Премьер-министр Қазақстан үкіметі бірлескен жоспарларды іске асыру және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, отандық өнеркәсіпке «Татнефть» технологиялары мен тәжірибесін енгізуге Қазақстанның мүдделі екені айтылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін "Татнефть" компаниясының бас директоры Наиль Маганов Орталық Азияның үш мұнай компаниясымен – SOCAR, "ҚазМұнайГаз" және "Өзбекмұнайгазбен" бірлескен консорциум құрылғанын мәлімдеген болатын. 

Серіктес жаңалықтары