×
511.59
575.28
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.59
575.28
6.33

Шетелдік инвесторлар Қазақстаннан жаппай кетіп жатыр

Шетелдік инвесторлар Қазақстаннан жаппай кетіп жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстанда шетелдік қатысы бар компаниялар жаппай жабылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде шетелдік қатысумен тіркелген 44 351 ұйым қалған. LS порталының дерегінше, жыл басынан бері 644 шетелдік компания Қазақстан аумағындағы жұмысын тоқтатқан.

  • Шағын кәсіпорындар саны 617-ге (1,4%) қысқарды (жалпы саны – 43,8 мың),
  • Орта кәсіпорындар – 12-ге (3,5%) (жалпы саны – 329),
  • Ірі кәсіпорындар – 15-ке (6,6%) (жалпы саны – 212).

ИНВЕСТОР ЕЛДЕР

Айтарлықтай қысқару Ресей компаниялары бойынша байқалды – бірден 873 кәсіпорын жабылған, бұл 4,6%-ды құрайды. Соған қарамастан, Ресей әлі де Қазақстандағы шетелдік компаниялар саны бойынша көш бастап тұр – 17,9 мың кәсіпорын, бұл барлық шетелдік ұйымдардың 40,5%-ы.

Жабылған өзге компаниялар:

  • Түркия – 154
  • Қырғызстан – 161
  • Украина – 44
  • Оңтүстік Корея – 43
  • Ауғанстан – 36
  • Беларусь – 35
  • АҚШ – 27
  • Ұлыбритания – 25
  • Нидерланды – 13
  • Германия – 10

Ал Қытай мен Өзбекстаннан келген компаниялар саны артып отыр:

  • Қытайлық компаниялар – 4,1 мың (+465),
  • Өзбекстандық компаниялар – 4,9 мың (+527).

САЛАЛАР

Шетелдік компаниялардың ең көп қысқаруы мына салаларда байқалды:

  • Сауда – 373 компания жабылды
  • Ақпарат және байланыс – 148
  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 143
  • Әкімшілік және қосалқы қызметтер – 137

ӨҢІРЛЕР

Шетелдік компаниялардың ең көп жабылуы:

  • Алматы – 415
  • Астана – 534 (2025 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында)

СЕБЕП

Бұған дейін Бас прокуратура инвесторлардың Қазақстанда қандай қиындықтарға тап болатынын жариялаған:

  • 35% – жер заңнамасына қатысты мәселелер,
  • 26% – инфрақұрылым құрылысы мен инженерлік желілерге қосылудағы қиындықтар,
  • 19,5% – рұқсат құжаттарын алу кезінде бюрократия мен кідірістер.
Серіктес жаңалықтары