Әйелін сабаған дипломат Сәкен Мамаштың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл ақпаратты Ұлысмедиа тілшісіне Астана қалалық соты растады.
- Аталған іс Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотына түсті. Сот отырысы 29 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді, делінген жауапта.
КАРИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ
Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш Астанада ұсталғанын хабарлаған едік.