Қарағандылық тұрғыннан әлеуметтік желідегі пікір үшін 200 мың теңге өндіріп алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қарағандының аудандық сотында ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау жөніндегі азаматтық іс аяқталды.
Талапкер – Қарағанды тұрғыны. Ол Facebook-те пікірде өзін «есепте тұрған маскүнем» деп атаған адамды сотқа берген. Бастапқыда тұрғын 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян талап еткен.
ТАЛАП
Сот барысында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Талапкер моральдық залалды өтеу ретінде 1 миллион теңге талап еткен. Алайда сот жауапкерден 200 мың теңге өндіріп алуға шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.