×
510.59
578.91
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.59
578.91
6.37

"Семей орманында" жарты миллиардтың көшеттері ұрланды

"Семей орманында" жарты миллиардтың көшеттері ұрланды
Фото: ПД

Абай облысы Бесқарағай ауданында 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді.

Нәтижесінде «Семей орманы» РММ Долон филиалының аумағынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.

ТЕРГЕУ

Бұл дерек бойынша аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

СОТ ҮКІМІ

21 мамырда Курчатов қаласының соты үкім шығарып, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, олар мүлкін тәркілеусіз 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары