×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Трамп Гарвардқа шетел студенттерін қабылдауға тыйым салды

Бүгін, 12:10
Трамп Гарвардқа шетел студенттерін қабылдауға тыйым салды
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетінде қанша отандасымыз білім алып жатқаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГАРВАРДТА ҚАНША ҚАЗАҚ СТУДЕНТІ ОҚИДЫ

Министрлік бүгінгі таңда Гарвардта «Болашақ» бағдарламасы бойынша 7 адам білім алып жатқанын хабарлады. “Түрлі басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ” делінген хабарламада.

ТРАМП САЛҒАН ТЫЙЫМ

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Бұл туралы бейсенбіде The New York Times газеті хабарлады. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм университетке шетелдіктерді оқуға тартуға мүмкіндік беретін сертификатты дереу жоюды бұйырды. Ол Гарвардты «зорлық-зомбылық пен антисемитизмді қолдап отыр» әрі «Қытай Коммунистік партиясымен ынтымақтасады» деп айыптады.

Университеттің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында халықаралық қауымдастық құрамында 9970 адам тіркелген. Оның ішінде 6793-і – шетелдік студенттер. Бұл – студенттердің жалпы санының 27,2 пайызы.

АҚШ-тың беделді оқу орыны саналатын университет енді шетел азаматтарына студенттік виза алуға қажетті құжаттарды рәсімдей алмайды. Ал Гарвардта қазір білім алып жатқан шетел студенттері басқа оқу орнына ауыспаса, АҚШ-та қалу құқығынан айырылады.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАУАБЫ

Университет әкімшілігі Трамптың бұл шешімін заңсыз әрі саяси кек алуға ұқсас әрекет деп бағалап, оны оқу орнының академиялық және ғылыми-зерттеу миссиясына қатты соққы болды деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары