×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Қазақтар Шыңғыс ханның ұрпағы ретіндегі рөлін оңды пайдаланып жүр – қырғыз тарихшысы

Қазақтар Шыңғыс ханның ұрпағы ретіндегі рөлін оңды пайдаланып жүр – қырғыз тарихшысы
Ашық дереккөзден

Қазақстан өңірдегі өзге көршілеріне қарағанда "тарихи әлеуетін" шетелдік инвестиция тарту үшін тиімді пайдаланып жүр. Бұл туралы тарихшы әрі блогер Искендер Батырбек уулу айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оның айтуынша, Қазақстан – Орталық Азиядағы ең "сәтті және резонансты" кейс. Ел өзін Шыңғыс ханның ұрпағы ретінде ұтымды түрде көрсетіп отыр. Батырбек уулу қазақтың төре руы – Қазақ хандығында билік жүргізген аристократиялық элитаның жоғарғы сатысын құраған Шыңғыс хан әулетінің ұрпақтары екенін еске салды.

Сонымен қатар, Қазақстан ежелгі дәстүр мен тарихи мұраны сақтай отырып, сонымен қатар, "модернизацияға" басымдық берген.

– Қазақстан Орталық Азиядағы озық ел ретінде өзін қалыптастыруды бастады: "Біз – көшбасшымыз, біз – Орталық Азия кеңістігінің идеялық шабыттандырушысымыз". Олар мемлекет ретінде болашақты көре білді, көзқарас қалыптастырды. Мұның бәрі қаржы ағынын қамтамасыз ету үшін жасалды. Әр ел өз ақыл-парасаты мен мүмкіндігіне сай барынша көп инвестор тартуға тырысты. Менің ойымша, Қазақстан бұл тапсырманы өте жақсы орындады. Себебі 90-жылдары қазақ экономикасына тартылған инвестициялар мен Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға келген қаржы көлемін салыстыруға келмейді. Бұл – ең сәтті кейс, – деп санайды спикер.

ТАРИХШЫ ЖӘНЕ БЛОГЕР

Искендер Батырбек уулу TikTok-та тарихты өзгеше қырынан жеткізумен танымал.

Серіктес жаңалықтары