×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

«Ауызыңды жап, сені де өлтіремін»: Сотта Шерзаттың анасының қанды оқиға болған жердегі видеосы көрсетілді

«Ауызыңды жап, сені де өлтіремін»: Сотта Шерзаттың анасының қанды оқиға болған жердегі видеосы көрсетілді
Видеодан скриншот

Былтыр Талғардағы төбелес кезінде қаза болған Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде оқиға қатысы бар сотталушылар мен жәбірленуші, куәлерді беттестіру кезінде түсірілген видеолар көрсетілді. Істі Талдықорғандағы Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АУЗЫҢДЫ ЖАП, СЕНІ ДЕ ӨЛТІРЕМІН»

23 мамырдағы сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишімбиеваның тергеу кезінде оқиға орнына барып берген жауабы көрсетілді. Видеода ол сотталушы Абзал Шынасыл мен Нұрбол Тоқтаубаевтың ұлына жібермей, кедергі жасағанын айтады. Сөзінше, Шынасыл оған «Аузыңды жап, сені де өлтіремін» деген.

 Абзал мен Нұрбол менің қолымнан ұстап алды... Олар ана жерден тас лақтырады. Сол кезде енемнің мына жағына тиеді. Сол кезде соларға қарап, мен полиция, скорый шақырмайсыңдар ма деп айқайлаймын. Абзал маған «Ауызыңды жап, сені де өлтіремін» дейді. Сол кезде мен жұлқынып, жұлқынып барамын да Шерзат пен Нұрқанатқа қарай жүгіремін, – дейді ол видеода.

БЕТТЕСТІРУДЕН БАС ТАРТУ

Тергеу кезінде сотталушы Абзал Шынасыл Гүлбара Бишімбиевамен беттесуден бас тартқан. Ол «бұл кісіні ол жерден көрген жоқпын» деген. Сотта ол марқұм Шерзат Полаттың әкесі «Қаржаубай Нұрымов беттестіру алдында боқтап қысым көрсетті, сол себепті адвокатымның айтуы бойынша бас тарттым» деген.

«ШЕРЗАТТЫ ӨЛТІРГЕН ЖОҚПЫН»

Абзал Шынасыл сотта берген жауабында Шерзат Полатты өлтірмегенін, Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбасына пышақ ұрғанын айтқан. Ал Ғайыпбаев тергеу кезінде Шерзат Полатқа Абзал Шынасыл пысақ салды деген.

ТАЛҒАР ОҚИҒАСЫ

Іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған. Оларға «Адам өлтіу», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған. Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Күдікті ретінде Абзал ШынасылРавиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) ұсталған.

Серіктес жаңалықтары