×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

«Аман алып қалу мүмкін еді»: Сарапшы сотта Шерзаттың өліміне не себеп болғанын айтты

«Аман алып қалу мүмкін еді»: Сарапшы сотта Шерзаттың өліміне не себеп болғанын айтты
ulysmedia коллажы

2024 жылы Талғардағы төбелес кезінде қаза болған Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысына марқұмның мәйітіне сот-медициналық сараптама жасаған маманнан жауап алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ШЕРЗАТТЫҢ ӨЛІМІНЕ СОЛ ЖАҒЫНА КІРГЕН ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫ СЕБЕП БОЛҒАН»

Сот-медицина сарапшысы Мұхит Көшеров сотта Шерзат Полаттың өліміне не себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, марқұмның өліміне сол жақ арқа тұсынан кірген пышақ жарақаты себеп болған.

Мен тексеру жүргізген кезде сол жақ дене қуысына еніп, шаншыла кесілген дене жарақаты анықтылды. Бұл жарақат арты қолтық асты сызығы мен алдыңғы қолтық асты сызығының арасында орналасқан. Бесінші және алтыншы қабырға арасында. Плевра қуысына кіріп, өкпенің ол жағын жарақаттаған. Жараның сырты 2 сантиметр. Жара каналының бағыты арттан алға қарай... Жара каналының тереңдігі 2,5 сантиметр... Тікелей қазаға ұшырауына сол жақ кеуде қуысына шаншыла кірген жарақат себеп болған. Сол жақ өкпесінің жарақаты. Гематркс. Плевра қуысына 1500 милилитр қанның жиналуы, – деді сарапшы.

Прокурор Дана Сәрсенбай «Шерзат Полатқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенде аман алып қалуға болар ма еді? деп сұрады.

Көбінесе бұндай жарақат өлім себебіне алып келеді. Дер кезінде медициналық көмек көрсетпеген жағдайда. Егер мына жағдайда арнайы медициналық көмек, хирургиялық ота, қанды тоқтату және жоғалтқан қанның орнын толтырған кезде аман алып қалу мүмкін еді, – деді Мұхит Көшеров.

«ШЕРЗАТ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫНАН КЕЙІН БІР МИНУТ ҒАНА ҚИМЫЛДАЙ АЛҒАН»

Сарапшы пышақ жарақатынан кейін Шерзат Полаттың белсенді қимылдауға мүмкіндігі аз болғанын айтты. Оның сөзінше, бұндай жарақат алған кезде қимылдау минуттармен есептеледі.

 Шаншыла кесілген жарақаттарды алғанан кейін. Қысқа уақыт аралығында ғана белсенді әрекеттер жасай алады. Ол минут немесе ауқымды қан жоғалтқанға дейінгі аралық болуы мүмкін, – деді ол.

«ШЕРЗАТТЫ ӨЛТІРГЕН ЖОҚПЫН»

Бұған дейін Абзал Шынасыл сотта берген жауабында Шерзат Полатты өлтірмегенін, Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбасына пышақ ұрғанын айтқан. Ал Ғайыпбаев тергеу кезінде Шерзат Полатқа Абзал Шынасыл пысақ салды деген.

ТАҒЫЛҒАН АЙЫП ПЕН СОТТАЛУШЫЛАР

Іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған. Оларға «Адам өлтіу», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған. Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Күдікті ретінде Абзал ШынасылРавиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) ұсталған.

Серіктес жаңалықтары