×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

Қазақстанда Ақтау маңында ұшақ құлаған жерге мемориал орнатылды

Қазақстанда Ақтау маңында ұшақ құлаған жерге мемориал орнатылды
Коллаж: ulysmedia.kz

Былтыр желтоқсанда Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі Embraer-190 ұшағы құлаған орында қаза тапқандардың құрметіне мемориал орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мемориал – ұшақ сынықтары табылған орынды белгілейтін металл қоршау түрінде жасалған. Айналасына гүлдер отырғызылып, келушілер үшін орындықтар қойылған. Бұл – қайғы мен естеліктің ерекше атмосферасын қалыптастыратын кеңістік.

- Бұл орын – бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиғаның символына айналды. Адамдар өмірдің қаншалықты нәзік екенін еске салатын белгі ретінде оны сақтап қалғысы келді, – делінген жарияланған видеодағы сипаттамада.

Түпқараған ауданы әкімдігінде мемориалдың орнатылғанын растады, бірақ оның жергілікті биліктің бастамасы болмағанын атап өтті.

- Бұл – жергілікті тұрғындардың өз бастамасы. Қайғылы оқиға құрбандарын мәңгі есте қалдыруды олар өздері қалап, барлық жұмыстар мен материалдарды өз қаражаттарымен қамтамасыз етті. Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген жоқ, – деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласы ма­ңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет ал­ған әзірбайжандық «Az Airlines» әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, бірнеше адам қаза тапқан.

Күні кеше жарты жылдан кейін тергеу жайлы тың деректер шыққанын хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары