Дархан Сатыбалды Алматы әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген жарлықта.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КІМ?
Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін ол Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімі болған.
Дархан Сатыбалды 1974 жылғы 26 наурызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, экономист-менеджер және заңгер мамандықтарын алған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ, өзбек, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, үш қызы және бір ұлы бар.
Мемлекет алдындағы еңбегі үшін “Парасат” орденімен (2024), “Құрмет” орденімен, сондай-ақ “Ерен еңбегі үшін”, “Астананың 10 жылдығы” медальдарымен марапатталған.
Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылған еді.