×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

Досаев отставкасынан кейін алматылықтарға үндеу жасады

Бүгін, 13:48
Досаев отставкасынан кейін алматылықтарға үндеу жасады
Ерболат Досаев

Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Досаев әкім лауазымында өткізген кейінгі үш жылын “елеулі сын-қатерлер кезеңі” деп атады.

— Ең алдымен, туған қаламда еліміздің тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін мемлекет басшысына  ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін зор құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік те болды. Жұмысым басталғаннан осы жоғары сенімді ақтау үшін барлық білімім мен жинаған тәжірибемді қолдануға тырыстым және Алматыны тұрақты даму жолына шығару мақсатын ұстандым, — деді бұрынғы әкім.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бүгін, 24 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Досаев 2022 жылғы қаңтардан бері Алматы әкімі қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде оның жұмысына қатысты қоғам белсенділері мен сарапшылар тарапынан бірнеше рет сын айтылған еді.

2024 жылғы мамырда қоғам қайраткері Санжар Боқаев Досаевтың отставкасын талап еткен жиын өткізуге рұқсат алуға тырысқан. Алайда қала әкімі ретінде бұл бейбіт акцияны өткізуге өзі рұқсат бермеді.

Серіктес жаңалықтары