×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

Жол-көлік жүйесі, экология, туризм: Сатыбалдыға қандай тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:40
Жол-көлік жүйесі, экология, туризм: Сатыбалдыға қандай тапсырмалар берілді
Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

32 ДЕПУТАТТЫҢ 23-і САТЫБАЛДЫНЫ ҚОЛДАҒАН

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Алматы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиналыс барысында депутаттарға мемлекет басшысының Алматы әкімі лауазымына екі кандидатты – ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановты ұсыну туралы хаты оқылған.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 32 депутаттың 23-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді. Бейбіт Шахановтың кандидатурасын 9 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы әкімі болып тағайындалды.

САТЫБАЛДЫҒА ҚАНДАЙ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ?

Олжас Бектенов Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны таныстырды.

Премьер-министр мемлекет басшысының Алматы әкімдігінің алдына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді.

Еске салайық, бүгін, 24 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Досаев 2022 жылғы қаңтардан бері Алматы әкімі қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде оның жұмысына қатысты қоғам белсенділері мен сарапшылар тарапынан бірнеше рет сын айтылған еді.

2024 жылғы мамырда қоғам қайраткері Санжар Боқаев Досаевтың отставкасын талап еткен жиын өткізуге рұқсат алуға тырысқан. Алайда қала әкімі ретінде бұл бейбіт акцияны өткізуге өзі рұқсат бермеді.

Серіктес жаңалықтары