Алматы полиция департаментінің қызметкерлері түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бүгін қаладағы көптеген мектепте соңғы қоңырау соғылды.
Полиция бұл қуанышты күн бақытсыздықтың көлеңкесінде қалмауы керек екенін айтты. Мақала жарияланғанға дейін мектеп бітірушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 20 дерегі тіркелген.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Жастар көліктердің терезелері мен люктерінен басын шығарып, қауіпті маневр жасайды. Мұндай көліктердің барлығы тоқтатылып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналар да жауапқа тартылды. Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ал ата-аналарды балаларының қай жерде жүргенін және үйге қалай қайтып келе жатқанын қадағалауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы қызметтің күшейтілген режиміне ауысқанын хабарлаған едік.