×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

25 мамырда қай өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, үсік жүреді

Бүгін, 18:30
25 мамырда қай өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, үсік жүреді
Pixabay.com

Синоптиктер ертең, 25 мамырда елдің басым бөлігінде назағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 16 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысында таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Шымкентте төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 16 метрге жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні –  15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды. 

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Серіктес жаңалықтары