Талдықорғандағы қонақүйлердің бірінде 12 пышақ жарақатын алған әйел әкімшінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Марқұмның денесін төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қонақүйдің бірінші қабатындағы өртті сөндірген кезде тапқан. Қылмыскер өртті әдейін қойған болуы мүмкін.
– 24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің тіркеу орнында өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толықтай сөндіріліп, 35 адам эвакуацияланды, – деп хабарлады Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Полиция аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын, күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
– Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 23 жастағы күдікті қылмыс ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.