×
510.84
579.7
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.84
579.7
6.39

Алматы облысында квадроцикл мінген қыз жардан құлады

Бүгін, 14:42
Алматы облысында квадроцикл мінген қыз жардан құлады
Видеодан алынған кадр

ТЖМ қызметкерлері квадроциклмен жардан құлаған қызды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға кеше, 24 мамырда болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылындағы ат клубы маңында квадроцикл тізгіндеген 1998 жылы туған қыз жардан құлады.

ТЖМ құтқарушылары 8 шақырым жол жүріп, қызды жардан көтеріп, медициналық қызметкерлерге табыстады.

Алматы тауларында қыздың үстіне тас құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға 4 мамыр күні сағат 15:13-те болған. Теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте орналасқан Горельник шатқалындағы сарқырама маңында РОСО, 109 Құтқару қызметі, ТЖМ апат медицинасы орталығының дәрігерлері мен екі кинологиялық топ белгісіз азаматтың денесін тапты. Марқұмның тіршілік белгілері болмаған, оның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары