Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
“Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 25 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:08-де болған.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан 338 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында орналасқан.
– Жер сілкінісі Құлан ауылында 3 балл, Меркі ауылында 2 балл болып сезілді, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске салайық, бүгін Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінген еді.