×
512.44
593.15
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.44
593.15
6.52

Қазақстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінді

25.05.2025, 16:51
Қазақстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінді
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

“Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді. 

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 25 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:08-де болған.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан 338 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында орналасқан.

– Жер сілкінісі Құлан ауылында  3 балл, Меркі ауылында 2 балл болып сезілді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бүгін Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінген еді.

Серіктес жаңалықтары