×
512.16
580.94
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
580.94
6.39

«Путин есінен адасты»: Трамп өткір мәлімдеме жасады

26.05.2025, 10:50
«Путин есінен адасты»: Трамп өткір мәлімдеме жасады
bbci.co.uk

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей билігінің әрекеттерін сынға алып, Владимир Путин есінен адасты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде Владимир Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болғанын жазды. Алайда Трамптың пікірінше, Ресейдің басшысы өзгере бастаған.

Оған бірдеңе болды. Ол мүлде есінен адасты. Ол орынсыз көп адамды өлтіріп жатыр, мен тек әскери қызметкерлер жайлы айтып тұрған жоқпын. Зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар еш себепсіз Украина қалаларын атқылады, — деп жазды Трамп.

Трамптың сөзінше, егер Путин бүкіл Украинаны басып алуға тырысса, бұл «Ресейдің күйреуіне» әкеледі.

ЗЕЛЕНСКИЙДІ ДЕ ТҮЙРЕП ӨТТІ

Сонымен қатар, Трамп Владимир Зеленскийдің «өзіне де, еліне де ешқандай пайдасы жоқ» екенін атап өтеді.

Оның айтқандары тек мәселе туғызады, маған бұл ұнамайды. Мұның тоқтағаны дұрыс болар еді. Егер мен президент болсам, бұл соғыс ешқашан басталмас еді. Бұл — Зеленский, Путин және Байденнің соғысы, «Трамптың» емес, — деді АҚШ президенті.

Осыдан бұрын Дональд Трамп Еуропа көшбасшыларына Владимир Путин Украиндағы соғысты тоқтатуға әзір емес екенін айтқан.

Ал бірер күннен бері Ресей зымырандарымен Украинаның қалаларын атқылаған.

Серіктес жаңалықтары